Алматы облысында ауыл маңына қырғауылға аңшылыққа шыққан ауыл тұрғыны ұсталды
5 қазанда Талғар ауданының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда Талғар ауданының полицейлері ғаламторды мониторингілеу кезінде таңғы сағат 9-дар шамасында ауылдың маңында оқ атып, аңшылық жасаған тұлғалардың әрекетіне шағымданған ауыл тұрғынының бейнежазбасын анықтады. Сонымен қатар, шағымданушы қолында қаруы бар адамды суретке түсіріп алған.
Аталған дерек ресми тіркеліп, Талғар АПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Д.Берікбаев оқиға орнына жеткен. Ол Арқабай ауылының 34 жастағы тұрғынының қырғауылдарды заңсыз аулағанын анықтап, оның атына тіркелген аңшы қаруын тәркіледі.
Ұсталған азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.