Қарағандылық полицейлер такси жүргізушісінің қол сөмкесін ұрлаған жас жігітті қолға түсірді
Такси жүргізушісінің жеке заттарын ұрлаған 21 жастағы қарағандылық жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағандылық полицейлер 45 жастағы такси жүргізушісінің қол сөмкесін ұрлаған жас жігітті ұстады.
Тергеу барысында тасымалмен айналысатын жәбірленушінің жеке автокөлігіне мінген жас жігіттің сапар барысында жүргізушіні алаңдатып, біресе қатты, біресе жай жүруін өтінгені және таксиден түскен кезде жәбірленушінің қол сөмкесін байқатпай жымқырып кеткені белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай 21 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.