Павлодарлық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады
Павлодарда бұрын сотты болған азаматтар жасаған мал ұрлығы ашылды, – дап хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері 2020 жылғы 12 қыркүйекте Павлодар ауданының Шақат ауылында жайылымда жүрген бір бас қойының өрістен оралмауына байланысты шағымданған жергілікті тұрғынның арызы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, аталған қылмысқа қатысы бар күдіктілер ретінде осы ауылдың 38 және 20 жастағы екі тұрғынын ұстады.
Мал иесіне келтірілген шығын 30 000 теңгені құрады.
Мал ұрлау туралы алдын ала сөз байласып, ұрлыққа барған күдіктілер бұрын ұрлық және тонау қылмыстары үшін сотты болған жергілікті тұрғындар болып табылады.
Аталған қылмыстық іс ҚР ҚК 188-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды.