Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам өліміне қатысы бар күдіктіден ірі көлемдегі есірткі табылды

Алматы облысының полицейлері кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтан ірі көлемдегі есірткі затын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынынан көшеде зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру)  бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақ жарақаты салдарынан қаза тапқан 32 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басын анықтады.

«Қылмысқа қатысы бар деген адамдардың барлығын тексере отырып, Шелек ПБ учаскелік инспекторлары 1991 жылы кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған және ауласынан қан іздері табылған 54 жастағы Бижанов ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Сонымен қатар, оның ас үйінен қан іздері бар пышақ та табылды. Ұсталған адам кісі өлтіргенін толық мойындады»,- дейді Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Талғат Сейілханов.

Оқиға болған орынды тексеру барысында Шелек ПБ тергеушісі полиция капитаны Г. П. Адактилос кәсіби шеберлігінің арқасында гараждағы құрал-саймандар мен тақталардың астына жасырылған, жалпы салмағы 2 кг. 570 грамм болатын, есірткі заты бар пакеттерді тапты.

Сараптама қорытындысы бойынша табылған есірткі заты «марихуана» екені белгілі болды.

Күдіктіге  адам өлтірумен бірге есірткіні заңсыз сақтады деген айып тағылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру