Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер халықпен тығыз байланыста

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторлары ​»Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 832 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараның мақсаты – халықпен тығыз байланыс орнатып,​ ​ қызмет көрсету учаскелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру болып табылады.

Жедел – алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ​ учаскелік полиция инспекторлары​ 832 ​ әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар  профилактикалық есепте тұрған 1290 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Жалға берілетін 40 пәтер анықталып, 22 пәтер иесіне қатысты жинақталған құжаттар шара қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Полиция қызметкерлері қару иелерінде назардан тыс қалдырған жоқ. Қала бойынша барлығы 4309 атыс қаруының иесі тіркелген. Оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тегіс ұңғылы 925 қару иесі тексерілді. Қаруды сақтау қағидаларын бұзу деректері анықталып, 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру