Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Текелі қаласы Полиция басқармасының бастығы тікелей эфирде

Текелі қаласының ПБ бастығы полиция подполковнигі Ұлан Садықов әр сәрсенбі сайын Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирге шығады, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Виртуалды қарым-қатынастың екі сеансы кезінде қаланың бас полицейіне 100-ден астам тұрғын түрлі проблемаларымен жүгінген.

Олардың қатарында-айыппұл төлеу, полицияға қызметке тұру, көші-қон заңнамасына, жол қауіпсіздігіне қатысты және т.б. мәселелер бар.

Қазақтанның басқару жүйесі едәуір өзгерістерге ұшырады, Полицейлер де заман талабына сай азаматтардың мүддесін қорғау үшін қызмет етеді. Құқық қорғау органдары жан-жақты болуы тиіс, нәтижесінде анықталған проблемалық мәселелер ұтымды шешіледі»,- деп есептейді Ұлан Садыков.

Текелі қаласы ПБ бастығы онлайн режимдегі жеке қабылдауының апта сайын сәрсенбі күні Instagram әлеуметтік желісіндегі @tekeli_police Текелі ҚПБ ресми парақшасында өткізілетін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру