Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 62 мың теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды

Шымкенттік полицейлер алаяқ әйелді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Еңбекші ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны өзіне қатысты жасалған алаяқтық фактісі туралы арызданған.

Тексеру барысында 2020 жылдың тамыз айында “С” есімді азаматшаның арызданушыдан  мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіпкерлікпен айналысу үшін берілетін 555 000 теңгені алуға көмектесемін деп алдап,  алаяқтық жолмен 62 000 теңге ақша қаражатын алғаны белгілі болды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1- бөлігімен (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысты жасаған 2000 жылы туған азаматша ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру