Алматы облысының полицейлері стихиялық көлік тұрақтарымен күресті күшейтті
Талдықорған полициясы көлік құралдарын қою ережелерін бұзғандарды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең көп таралған түрлерінің бірі– көлік құралдарын белгіленбеген орындарда қою болып табылады.
«Соңғы уақытта базарлар мен барлық жабық сауда үйлері орналасқан қала орталығында автокөлікті қою ережелерін бұзу бойынша тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар келіп түсуде. Стихиялық тұрақтар жол қозғалысына көлемді қиындықтар туғызады. Сондықтан, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасы бойынша қазір көшелер мен көлік жүретін жол бөліктерін белгіленбеген жерлерде және жол белгілерінің алдына қойылған автокөлік құралдарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері дұрыс қойылмаған көлік үшін 4696 әкімшілік хаттама толтырылды»,- деп хабарлайды Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.
Атап айтқанда, кейбір автокөлік жүргізушілері тротуарларға, гүлзарларға, балалар мен спорт алаңдарына өздерінің көлік құралдарын қоюға жол береді.
Әлбетте, белгіленбеген жерде көлікті қою деректері қаладағы автокөлік қозғалысына кедергі келтіреді.
«Бұл жұмыстар біздің қаламыздың автожолдары мен аулаішілік аумақтарында көлік құралдарының қойылуын реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін көлік құралдарын жүріс бөлігінде тоқтату немесе жүріс бөлігінде тоқтап тұру ережелерін бұзған жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Бір сағат ішінде көлік құралының 63 жүргізушісі жүріс бөлігінде көлікті тоқтату және тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп толықтырды Асқар Нұрсапа.
Полицейлер бұл жұмысты жүргізу қаладағы көлік құралдарының қозғалысына, жүргізуші тәртібі мен жүргізу мәдениетін жақсартуға оң әсерін тигізетініне сенімді. Ең бастысы, акция стихиялық автокөлік тұрақтарын жоюға ықпал етеді.
Пікір жазылмайды