Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының Полиция департаменті «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» оқу-жаттығулары өткізілетінін хабарлайды

2020 жылдың 23 қазанында Көкшетау қаласының аумағында «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 23 қазанында Көкшетау қаласының аумағында Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының құрамына енетін құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Аталған іс-шаралар мен келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату ҚР ҚК-нің 274-бабында (Көрінеу жалған ақпарат тарату) көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.

Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – терроризмге қарсы операцияны жүргізуге күштер мен құралдардың тұрақты дайындығын қамтамасыз ету, терроризм актілерінің жолын кесу барысында ведомствоаралық бірлесе әрекет ету, жауынгерлік қабілеттілікті, іс-қимыл алгоритмін пысықтауды арттыру болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру