Қарағанды облысының полицейлері алаяқтық фактілеріне қатысы бар күдіктілерді ұстады
Қарағанды полицейлері көшеде ұялы телефонды алдап сұрап алып, қаша жөнелген екі алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазанда Қарағанды облысының полицейлеріне 42 жастағы қала тұрғыны хабарласып, түнде үйіне қайтып бара жатқан кезде бейтаныс адам ұялы телефон сұрап, көмек қажет екенін айтқанын, алайда телефонды алғаннан кейін жүгіріп қашып кеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын 138 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тәртіп сақшылары 26 жастағы күдіктіні ұстады, ол қылмысын мойындады.
Ол бұрын да осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.
Сол күні Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында криминалдық полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады.
Әйел адам 42 жастағы ер адамнан біреуге хабарласамын деген сылтаумен ұялы телефонын сұрап алып қашып кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 47 мың теңгені құрады.
Екі факт бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.