Шымкентте адам өлтірген күдікті ұсталды
Шымкенттік полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 19 қазанында сағат 12:20-да «102» пультіне Шымкент қаласы 18 – шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен азиат нәсілдес белгісіз азаматшаның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тексеру барысында аталған азаматшаның Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды.
Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес оның қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жедел – іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті де Түркістан облысының тұрғыны болып табылады.