Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында қырғауыл аулағандар ұсталды

Алматы облысының полицейлері қырғауыл аулаған үш жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 20 қазан күні сағат 17.00 шамасында Талғар ауданының Кендалы ауылдық округінде табиғатты қорғау полициясы мен учаскелік полиция инспекторлары  ит пен пневматикалық мылтықтың көмегімен қырғауыл аулаған үш азаматты ұстады.

Ұсталған үш адамнан қырғауыл мен пневматикалық мылтық тәркіленді.

Тәртіп сақшылары жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру