Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізу мәселелеріне арналған семинар өтті

Қызылорда облысының Полиция департаментінде  тергеушілер мен анықтаушылардың кәсiби шеберлiктерiн арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және тергеу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семинарға Қызылорда облыстық прокуратурасының, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда өңірлік басқармасының, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтының қызметкерлері,  Полиция департаментінің тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық бөліністерінің басшылығы және жеке құрамы қатысты.

Семинар барысында сот сараптамалары өндірісі үшін материалдарды дайындау және сот сараптамаларын тағайындау кезіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ семинарда  Қағаз жүзінде тергелетін істер бойынша жекелеген процессуалдық шешімдерді электрондық енгізу жөніндегі пилоттық жоба және Қылмыстық істерді электронды форматта тергеп-тексеру барысында туындаған проблемаларды және PDF-құжатына аударылған құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз ету барысын талқылау сияқты тақырыптар қамтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру