Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьер ұсталды

Алматы облысында полицейлер браконьерден тауешкі еті мен екі мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат 5.00 шамасында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Райымбек ауданының полицейлері Талғар ауданының 36 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан  «Тойота» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде автокөлік салонынан тауешкінің еті және екі дана аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру