Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кездесуге полиция қызметкерлерінің ата-аналары шақырылды
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кездесуге полиция қызметкерлерінің ата-аналары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының Полиция басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері полиция қызметкерлерімен және олардың ата-аналарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және полиция қызметкерлері арасындағы құқық қорғау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
– Ішкі істер органдарында қызметтік этиканы және корпоративтік мәдениетті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Полиция қызметкерлері эмоционалды қиын қызметтік жағдайларда ұстамдылық, әдептілік танытып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің басқа да талаптарын сақтауы тиіс. Біз мұны жеке құрамға қызметтің алғашқы күндерінен бастап үйретеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жою бойынша жұмыстар барлық жерде жүргізілуде, – деді Медеу ауданы Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.