Мал ұрламақ болған көрші анықталды
Ойыл ауданында ер адам көршісінің ешкісін ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне Бестамақ кентінің тұрғыны өз үйінің ауласындағы мал қорасынан 66 жастағы көршісі еркін қол жеткізу арқылы ешкі ұрлауға тырысқаны туралы арызданған.
Учаскелік полиция инспекторы күдіктіні полиция бөліміне жеткізді, онда күдікті өз ісін мойындады. Ұрланған ешкі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ағымдағы жылдың басында Қылмыстық кодекске мал ұрлығы үшін жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін жаңа бап енгізілді, осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.