Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

21 жастағы ақтөбелік “КамАЗ” жүк көлігіне ұрлыққа түсті

Ақтөбелік полиция қызметкерлері автокөліктен ұрланған мүлікті тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан күні полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны хабарласып, түнде АГЗС маңындағы “КамАЗ” автокөлігінен жалпы құны 116 мың теңге болатын екі аккумулятор батареясының ұрлағаны туралы хабарлады.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басы анықталды, ол 21 жастағы ақтөбелік болып шықты.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің ұрлаған аккумуляторды қабылдау пунктіне тапсырғанын анықтады, мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктіге қатысты ұрлық туралы қылмыстық іс тергелуде. Оған үштен жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру