Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды

Ақтөбеде үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 қазанында 15 жастағы кәмелетке толмаған Ақтөбе колледждерінің бірінің 1 курс студенті үйінен кетіп, қайта оралмаған. Жігіт ауқатты отбасынан шыққан, анасы кәсіпкер болып жұмыс істейді. Алайда, бұл оның үйден алғашқы кетуі емес еді, ол 2020 жылдың ақпан айының басында да үйінен қашып кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 15 жастағы жасөспірім Қобда ауылында таныстарының үйінен табылды, анасына тапсырылды.

– Жасөспірімдер көбінесе отбасында келісім болмаған кезде үйден кетеді немесе балалар толық емес отбасыларда өскен кезде олардың тәрбиесіне аз көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында бала тәрбиесіне көңіл бөліп, жасөспірім кіммен сөйлесетінін, немен өмір сүретінін мұқият бақылап, білу қажет, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларды, әсіресе жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелеріне мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру