Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тергеушілер семинарға қатысты

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз етудегі мәселелер және оларды шешу жолдары” тақырыбындағы семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық соты, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Адвокаттар алқасының мүшелері және Қызылорда облысының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысқан семинар облыстық Әділет департаментінде өткізілді.

Семинарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі  Айдарбек Маншарипов “Адамдарды заңсыз әкету, әкелу және адам саудасына қарсы күрес мәселесі” тақырыбында баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, әшкерелеу және тергеу бойынша атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, осы бағытта жүргізілген іс-шаралардың барысында туындаған проблемалық мәселелерді ортаға салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру