Павлодарда үтік ұрлаған азамат ұсталды
Павлодарлық тұрғын тұрмыстық техника дүкендерінің бірінен ұрлық жасағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті тұрғын қаланың тұрмыстық техника сатумен айналысатын мамандандырылған дүкендерінің бірінің қосалқы бөлмесінен үтік ұрлаған.
Полиция қызметкерлері сауда үйінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, аталған азаматтың жеке басын анықтады.
Үтік ұрлаған азамат бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Бұл факт бойынша қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.