Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоспарлы тінту шаралары кезінде тыйым салынған заттар алынды

Маңғыстауда түзеу мекемесінде өткізілген жоспарлы тінту шарасы кезінде тыйым салынған заттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінде  жоспарлы тінту шаралары өткізілді. Прокуратура және арнайы құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілген шара нәтижесінде 81 ұялы телефон, 76 сим-карта және 38 тесіп, кесуге арналған құрал алынды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы және құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, тінту шаралары заңдылықты сақтай отырып өткізілді.

     – 2020 жылдың 10 айында ұйымдастырылған тінту шаралары кезінде 500 ұялы телефон, сим-карта және өзге де тыйым салынған зат алынды. Біз іздеу және табу жұмыстары үшін тиімді техникалық құралдарды қолдандық,  сондай-ақ мекемеге тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесу  мақсатында жұмыстар жүргіземіз, – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру