Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықтың құрметіне бөленген учаскелік полиция инспекторы Министрдің алғыс хатымен марапатталды

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қолқанат Құрманбай Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қолқанат Құрманбайды жергілікті тұрғындар «жанашырымыз» деп біледі. Себебі тәртіп сақшысының ауыр қызметі халықтың амандығы үшін екенін баршасы да жете ұғынады. Сондықтан тәулік бойы таулы аймақ тұрғындарының тыныштығын күзететін қырағы полицейге жерлестері құрметпен қарайды.

Қолқанат Мадиярбекұлы 1991 жылы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылында дүниеге келген. Бала күнінен шен тағып, форма киген полиция қызметкерлеріне еліктеп, өскенде «генерал» боламын деп армандаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бастаған тәртіп сақшысы 2011 жылдан бері Түлкібас АПБ учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып келеді.

– Полиция – көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы халыққа жақындай түседі, – дейді ол.

Полиция майоры қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ халықтан келіп түскен оң пікірлер үшін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру