Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар мен еріктілер тобы қайырымдылық акциясына қатысты

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған көмекке мұқтаж сотталғанның отбасына көмір және азық-түлік жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі ұйымдастырған ізгі шараны өткізуге Ақтөбе қаласындағы “Қайырымды жандар” еріктілер тобы қолдау көрсетті.

– Бұл отбасы-Алматы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталған азаматтың жанұясы. Оның аз қамтылған отбасыға жататынын, яғни көмекке аса мұқтаж екенін ескеріп, көмірмен қамтамасыз етуге көмектесу туралы “Қайырымды жандар” еріктілер тобына ұсыныс білдірдік. Еріктілер тобының мүшесі Еламан Байғозин біздің ұсынысымызды бірден қолдап, көмір және азық-түлікпен көмектесе алатындарын айтты.
Ал көмірді тиеп, түсіру жұмыстарына қатысқан пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар еріктілер тобына қосылғылары келетіндігін айтып, осы акцияға қатысуға өздері ниет білдірді.
Жалпы, пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарға осындай көмек пен қолдау көрсетудегі мақсатымыз-олардың қиналған сәттерінде қателікке бой алдыруына жол бермеу, қылмыстың алдын алу, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Айған Алмағамбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру