Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының пробация қызметкерлері қорғансыз жануарларға қамқорлық жасауда

Ақтау қаласының пробация қызметкерлері еріктілермен бірге қайырымдылық шараларына қатысты, – деп хабарлайды Pollisia.kz.

Көмекке тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар да мұқтаж болады. Осы орайда Маңғыстау облысында «Көмек қолы» бірлескен акциясы жалғасуда, Ақтау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Біз адамдармыз – біз біргеміз» қоғамдық қорымен, «Қазақстан еріктілер лигасымен» бірлесе отырып, «Шанс» қоғамдық қорының жануарларды уақытша ұстау орталығында кезекті сенбілік өткізді.

 – Қаланың еріктілері мен пробация қызметкерлері әлеуметтік жұмыстың түрлі бағыттары бойынша тұрақты негізде өзара бірлесе жұмыс істейді.  Мәселен, Ақтау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар иттерге арналған үйшік дайындап, қоғамдық қорға табыстады, қазіргі таңда тағы бір үйшік жасалуда. Сондай-ақ пробация қызметкерлері қақпалар мен жануарлардың жарамсыз қоршауларын дәнекерледі, ал «Біз адамдармыз – біз біргеміз», «Қазақстан еріктілер лигасы» қоғамдық қорларының еріктілері ағаш үйшіктерді жөндеді, аумақты тазалады. Қазақстандағы еріктілер жылы қоғам өмірінің түрлі салаларын қозғады және келесі жылы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдері тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады деп үміттенеміз, –  деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру