Ақтөбеде адам бопсалаушы ұсталды
Ақтөбеде үш жыл бойы ауданның тұрғынын бопсалап келген ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Мұғалжар ауданының 45 жастағы тұрғыны ауыл тұрғыны одан ақша бопсалап жатыр деген өтінішпен полицияға жүгінді.
Криминалдық полиция қызметкерлері 20 мың теңге ақша аудару кезінде жедел іс-шаралар жүргізу барысында 33 жастағы күдіктіні ұстады.
Алдын ала тергеу барысында күдіктінің үш жыл бойы күш қолдану қаупі арқылы ақшалай қаражатты бопсалағаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясы 4 мың АЕК-ке дейін айыппұл салуды, төрт жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.