Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде адам бопсалаушы ұсталды

Ақтөбеде үш жыл бойы ауданның тұрғынын бопсалап келген ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Мұғалжар ауданының 45 жастағы тұрғыны ауыл тұрғыны одан ақша бопсалап жатыр деген өтінішпен полицияға жүгінді.  

Криминалдық полиция қызметкерлері 20 мың теңге ақша аудару кезінде жедел іс-шаралар жүргізу барысында 33 жастағы күдіктіні ұстады.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің үш жыл бойы күш қолдану қаупі арқылы ақшалай қаражатты бопсалағаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы 4 мың АЕК-ке дейін айыппұл салуды, төрт жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру