Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бойжеткеннің намысын қорғау төбелеспен аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында екі жігіттің арасындағы дау төбелеспен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына елорданың 23 жастағы тұрғыны жүгінді. Арызданушының айтуынша, көп тани қоймайтын жігіт оны жағынан тартып жіберген, содан кейін оның ұялы телефонын ашық түрде алып кеткен.

Тергеу барысында полицейлер болған жағдайды анықтады. Екі жігіттің арасындағы жанжалдың туындауына бойжеткен себеп болған. Оның біреуі бұрын бойжеткен туралы жағымсыз сөздер айтқан. Сол үшін екеуі кездеспек болған.

Екеуі кездесіп, болған жағдайды анықтамақ болған кезде күдікті жәбірленушінің жағынан тартып жіберген, содан кейін оның телефонын алып қойып, сөйтіп белгісіз жаққа жасырынған.

Нәтижесінде жәбірленуші ауруханаға түскен.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің жағын сындырған және ұялы телефонды тартып алған жігіт ұсталды.

Күдікті кінәсін мойындады. Телефон заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру