Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан кейбір ойын-сауық мекемелері мен қоғамдық тамақтану объектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіре отырып тыйым салынған уақытта карантиндік шараларды өрескел бұзуда.
Осылайша, 4 қарашада мобильді топ Жеке батыр көшесінде орналасқан «Теккила» бар анықтаған. Аталған дәмхана жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап 22.00-ге дейін бекітілген кестені сақтамай қызмет көрсеткен.
Сондай-ақ мейрамханаларда көптеген қонақ шақырып, отбасылық іс-шаралар өткізу үдерісі байқалады. Мысалы, 25 қазанда Сембинов көшесiнде орналасқан «Сұнқар» мейрамханасында 50-ден астам келуші болған, «Қалжа» тойы аталып өткен.
Карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталған.
– түнгі клубтар, мейрамханалар, дәмханалар – 796;
– дүкендер, сауда орталықтары, базарлар – 474;
– шаштараздар, сұлулық салондары, сауналар – 220;
-саябақтар, скверлер, демалыс орындары, су айдындары жанында – 29;
– меркелік және еске алатын іс-шаралар – 12;
– басқа орындарда – 480;
Бетперде режимін сақтамаудың 213 фактісі анықталған.
Анықталған шектеу шараларын бұзу бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Біз азаматтармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша карантин режимін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырудамыз.
Саябақтар мен скверлерде, базарларда сақтану керек екенін еске саламыз және азаматтарды санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға шақырамыз.
Қала тұрғындарымен және қонақтарымен 54 342 профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді.