Талдықорған полицейлері 1000-нан астам алаяқтық дерегін анықтаған
Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері жыл басынан бері алаяқтықтың 1000-нан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жыл басынан бері Талдықорған қаласы бойынша 1684 алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 500-ден астамы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, ал 1040 іс сотқа жіберілді. Алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі ауыр және аса ауыр санатқа жатады,- деп хабарлады Талдықорған қалалық ПБ ШҚПБ бастығы Қайрат Баймұханов.
– Бізге соңғы уақытта азаматтар Instagram, ОЛХ, Колеса, Крыша платформаларында жасалған, өздерін банк қызметкерлері және т. б. ретінде таныстырған адамдардың алаяқтық әрекеттері бойынша жиі шағымданады. Алаяқтардың жұмыс схемасы әртүрлі, егер біреуі әлеуметтік желіде әрекет етсе, енді бірі танымал платформаларға жарнама орналастырады, ал кейбірі банк карталарын пайдалану арқылы арам ойын іске асырады. Барлықтарыңызға жеке деректеріңізді, сондай-ақ банк карталарының деректерін бейтаныс адамдарға хабарламауды сұраймыз. СМС-хабарламадағы кодты банк қызметкерлеріне де айтпаңыз. Өзіңізді және мүлікіңізді алаяқтардан қорғаңыз!, – деп толықтырды Қайрат Баймұханов.