Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғыны Ішкі істер министрінің атына алғыс хат жолдады

Алматы облысының тұрғыны қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хат иесі Қызылорда облысының Полиция департаменті патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінің жолда қиын жағдайға тап болған күйеуіне көрсеткен көмегі туралы жазған.

1 қарашада Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары Нұрмұханмед Мусалимов пен Сейіт Қайрат патрульдеу бағытында жүріп,  “Самара-Шымкент” тас жолының 1 688 шақырымында жол жиегінде тоқтап тұрған  “HOWO” жүк көлігін көрген.

Тексеру барысында көліктің Ақтөбе қаласынан Алматы қаласына жол жүріп бара жатқан кезде бұзылып,  жүргізушілердің жолда қалып қойғаны анықталған.

Тәртіп сақшылары көп ойланбай автокөлікті ІІІ Интернационал елді мекенінің жанындағы “Ақсарай” кешеніне эвакуациялауға көмек көрсеткен. Сол жерде оларға тамақ жеткізіп берген. Кейін олар қалаға жеткізіліп, одан әрі Алматы қаласына аттанған.

Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрлыбек Жаңабергеновтің айтуынша, жыл басынан бері тәртіп сақшылары облыс жолдарында күтпеген жағдайлардың құрбаны болған жүргізушілерге дер кезінде бірнеше рет көмек көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру