Алматыда қалта ұрысы ұсталды
Алматы қаласының полицейлері шаһарға қылмыстық іс-әрекеттерін жалғастыру үшін келген Семей қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған, жұмыссыз азамат Алматыға қалта ұрлығы арқылы ақша табуға келген. Бірақ тұрақты бақылау мен алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде біздің қызметкерлер оны қалаға келген күні бірден ұстады. Ұсталғанға дейін ол қоғамдық көліктегі жолаушының қалтасынан ұялы телефон ұрлап үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.