Павлодарда жеңгетай анықталды
Павлодарлық полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 28 жастағы әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полициясына 32 жастағы әйел хабарласып, өзімен пәтерде бірге тұратын құрбысының оны алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартқанын айтты.
Полиция қызметкерлері ұйымдастырған жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде 28 жастағы күдікті әйел ұсталды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кету керек, биыл Павлодар облысында осындай 4 факт тіркелген.