Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы желі қолданушыларына виртуалды тур ұсынды

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында Жамбыл облысы ішкі істер органдарының жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы бойынша виртуалды тур орналастырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Виртуалды тур – бұл экранда үш өлшемді кеңістікті фотографиялық түрде көрсету тәсілі. Көріністер бірнеше сфералық панорамаларды құрайды, олардың арасында виртуалды жылжу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда виртуалды тур тиімді технологиялық құралға айналды, ол жанды қатысу әсерін тудырады және ең көп ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бүкіләлемдік пандемияға байланысты адамдардың  виртуалды турларды пайдалануы күн санап артып келеді. Енді полиция мұражайына кез-келген мобильді құрылғыдан немесе компьютерден үйден немесе кеңседен шықпай-ақ баруға болады.

Интернет желісін пайдаланушыларда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі үздік музейлердің біріне виртуалды түрде баруға жақсы мүмкіндік пайда болды.

Облыстық Полиция департаменті мұражайының үш экспозициялық залында Жамбыл облысының ішкі істер органдарының Әулие-Ата кезеңінен (1919 жыл) бастап қалыптасуын бейнелейтін 1500-ден астам экспонат қойылған. Мұражай қорында құжаттар, нысанды киім, арнайы техника, қару-жарақ, кітаптар мен музыкалық аспаптар секілді көптеген бірегей экспонаттар бар.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жұртшылықты мұражайға «3D» форматында келуге және Жамбыл облысы полицейлерінің тарихымен танысуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру