Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері дәріс тыңдады

Жамбыл облыстық ҚАЖ және ҰҚК департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен Алматы облысы ҰҚК Академиясының аға оқытушысы кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ең өзекті әрі тым нәзік сала – дін екені белгілі. Бүгінде діннің атын жамылып өзінің жымысқы ойын жүзеге асырушылардың да қатары көбейгені жасырын емес. Алайда, мемлекет тарапынан жат ағымдардың жолын кесу бағытында жан-жақты жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Жуырда өңірлік ҚАЖ және ҰҚК департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен Алматы облысы ҰҚК Академиясының аға оқытушысы, психолог Лола Шакимовамен кездесу ұйымдастырылды. Облыстық ҰҚК департаментінің базасында өткен кездесу барысында қатысушылар «Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу», «Пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық тудыратын радикалданудың алдын алу бойынша жұмыс» тақырыбында дәрістер тыңдады.

Аталған кездесу барысында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Ескеев түзеу мекемелеріндегі деструктивті діни ағымдардың ықпалындағы азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар ҚР ҚДМ ұсынған критерийлерге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.Айта кетейік, бұл басқосуға облыстық төтенше жағдай мекемелерінің және өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің теологиялық және оңалту жұмысының инспекторлары, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыс бөлімінің психологтары, сондай-ақ дін істері басқармасының қызметкерлері арнайы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру