ҚАЖД қызметкерлері "Маржан сөз" телесайысына қатысып, жеңімпаз атанды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері "Маржан сөз" сайысына қатысып, жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторы Салтанат Мұратова мен ҚАЖД тіл маманы Дана Достанова "Qyzylorda" телеарнасының "Маржан сөз" интеллектуалдық телеойындар бағдарламасына қатысып, бақ сынады.
Төрт кезеңнен сұратын сайыста қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері шапшаңдық танытып, алғырлықтарымен ерекшелінді.
Білімі мен ұшқырлығы ұштасқан ҚАЖД қызметкерлері сайыс қорытындылары бойынша жеңімпаз атанып, арнайы сертификаттарға ие болды.