Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның жайылымнан қайтпай қалған малдарын полицейлер тауып берді

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған малдарын тауып беріп, алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын құны 200 мың теңге тұратын сиыры мен 150 мың теңгеден тұратын екі бұзауының бос жайылымнан белгісіз жағдаймен келмей қалғандығы жайлы көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған малдарды іздеу жұмыстары басталады.

Тәртіп сақшылары бірнеше топқа бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізеді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексереді.

Жедел шаралар нәтижесінде бірнеше күннен кейін Бәйдібек АПБ-нің полицейлері екі шақырым жердегі Түйетас ауылының солтүстік батыс беткейінен жайылып жүрген жерінен тапты. Табылған үш бас сиыр заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші азамат Бәйдібектің полицейлеріне үлкен алғысын білдірді.

– Мен үш бас қара малымды жоғалтып, Бәйдібек ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден малдарымды іздей бастады және жоғалған тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! Сіздердің арқаларыңызда малым табылды!

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше үй шаруашылығын сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалау және сырғалау қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеп, уақыт жоғалтпастан, дереу полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру