Қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмыс ашылды
Қостанай облысында жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Қостанай облысы Полиция департаментінің Кинологиялық орталығында түрлі бағыт бойынша үйретілген 28 қызметтік ит бар, олармен 12 кинолог жұмыс істейді.
Жалпы облыс полицейлерінің қарамағында 71 қызметтік ит бар. Олардың барлығы иістердің іздері бойынша жарылғыш заттарды, сондай-ақ есірткі заттарын іздеуге үйретілген. Сонымен қатар олар одорологиялық сәйкестендіру барысында пайдаланылады.
Қызметтік иттер жоғалған адамдарды табуда ғана емес, сонымен қатар қылмыстарды ізін суытпай ашуға да көмектеседі.
2020 жылдың 10 айында қызметтік иттердің көмегімен 474 қылмыс ашылса, оның 402 фактісі криминалдық полиция желісі, 54 фактісі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша ашылған.
Жалпы Қостанай облысының ПД Кинологиялық орталығының мамандары қызметтік иттермен бірге 5 489 зерттеуді жүзеге асырды, оның ішінде 210 есірткі қылмысы желісі бойынша, 2 446 із бойынша, 79 жарылғыш зат іздеу бойынша, 2 736 уақытша ұстау изоляторын күзету бойынша және 18 одорологиялық іріктеуді жүргізу кезінде пайдалану болып табылады.