Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды жалғастыруда

2020 жылдың 10  айында  Павлодар облысында 750-ге жуық көлік жүргізушісі көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктерін көлік құралдарын қоюға арналмаған орындарға қалдырған жүргізушілер басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, жолдарда жиі төтенше жағдайлар туындатады.

Ең бастысы ережеге сәйкес келмейтін жерге қойылған автокөлік жедел жәрдем, өрт сөндіруші, құтқарушы және басқа да өмірлік маңызға ие қызметтердің көліктерінің өтуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Биылғы жылдың он айында Павлодар облысында 750-ге жуық тәртіп бұзушы өз автокөліктерін көлік құралдарын қоюға арналмаған орындарда қалдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 16 қарашада жүргізушілердің бірі өз көлігін Бұқар жырау көшесінің жүріс бөлігіне қалдырған. Осылайша, ол басқа көліктерге  кедергі келтіріп, жолды жауып тастады, соның салдарынан кептеліс пайда болды. Ашуланған автокөлік жүргізушілері полицияға қоңырау шалған.

Көлік жүргізушісі өзінің әрекетін дүкенге бару үшін көлікті азғана уақытқа қалдырғанымен түсіндірді. Соңында жол қозғалысының басқа қатысушылары туралы мүлдем ойламағанын мойындады.

Полиция қызметкерлері  оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу)  бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру