Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері мал иелеріне сақтық шаралары туралы ескертеді

2020 жылғы 16 қарашадан бастап Павлодар облысының аумағында «Мал ұрлығы » жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазіргі таңда мал ұрлығы ауыл тұрғындары үшін өзекті проблемалардың бірі болып қала беруде, себебі мал күнкөріс көзі болып табылады.

Павлодар ауданында тәртіп сақшылары мал ұрлықтарының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Алдын алу іс-шаралары барысында полицейлер мал иелерімен малды құжаттандыру, биркалар мен таңбалар салу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері мал тасымалдайтын автокөліктерді, тасымалданатын малдарға тиісті құжаттардың болуын және т. б. тексерді.

Рейдтік іс-шаралар қорытындысы бойынша 16 бас мал айыппұл тұрағына қамалды. Малды қараусыз жіберген мал иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігі  (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру