Пәтерден ұрланған әмиян иесіне қайтарылды
Шымкентте зейнеткердің пәтерінен ұрланған әмиян қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
70 жастағы зейнеткер ағымдағы жылдың қараша айында пәтеріне заңсыз кіріп, ішінде 100 мыңнан теңгеден астам ақшасы бар әмиянын ұрлаған азаматты ізін суытпай ұстаған Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы № 18 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Қарт анаға әмиян мен ақша толығымен қайтарылды.