Ақтөбедегі жергілікті билік ҚАЖД мәселелерін шешу бойынша нақты шараларды қабылдады
Ақтөбедегі жергілікті билік ҚАЖД мәселелерін шешу бойынша нақты шараларды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаровтың төрағалығымен өткен консультативтік – кеңесші органдарының (КСО) отырысында, Ақтөбе облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелердң заманауи бейнебақылау, бейнетіркеуді бақылауға арналған бейнетіркегіштермен (видеожетон), компьютер құралдары және COVID-19 індетінің алдын алу, болдырмауға арналған дәрілік заттар қорымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Аталған іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев, сондай- ақ аталған департаментпен әріптестікте жұмыс атқарып келетін Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Сенім-тірек» қоғамдық бірлестігінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша баяндама жасаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Азамат Наукенов, сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі топтың бас маманы Руслан Төлегенов және сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Шынболат Дауылбаев, түзеу мекемелері мен пробация қызметін жетілдіруге кедергі келтіретін бірнеше проблеманы атады.
Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын тыңдай келе облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров, ҚАЖД басшылығының КА-168/2 түзеу мекемесінің аумағында сотталғандарға арналған заманауи спорт алаңдары мен көше спорт тренажерларын жаңғырту туралы бастаманы қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, комиссия төрағасы жауапты мамандарға мекеменің кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруды тапсырды. Одан бөлек, жақын арада Пробация қызметінің инспекторларын қажетті компьютерлермен және бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету мәселесімен айналысатынын атап өтті.
Комиссия төрағасы түзеу мекемелеріндегі медициналық мәселелерді шешу мақсатында, «ӘлемСаулық» жеке медициналық клиникасында халықтық тіркеу регистрі (РПН) шеңберінде тіркелген сотталғандарға толық медициналық көмекті немесе жалпы медициналық көмекті көрсету мүмкін болмаған жағдайда, оны облыстық Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарында жүзеге асыруды жауапты мамандарға тапсырды.
Консультативтік-кеңесші органдары отырысын қорытындылау кезеңінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев елдегі эпидемиологиялық жағдай кезінде жергілікті биліктің шет қалмай, сотталғандар арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алу, болдырмау мақсатында дәрілік заттармен және дәрумендермен қамтамасыз еткені үшін комиссия төрағасы Руслан Хамбаровқа алғысын білдірді.