Қостанай полицейлері есірткі жарнамалаған тұрғынды ұстады
Рудный қаласының аумағында «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел уәкілдер 22 жастағы жұмыссыз жергілікті азаматты қолға түсірді. Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-1-бабымен көзделген (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.