Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері есірткі жарнамалаған тұрғынды ұстады

Рудный қаласының аумағында “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер 22 жастағы жұмыссыз жергілікті азаматты қолға түсірді. Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-1-бабымен көзделген (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру