Пробация есебіндегі кәмелетке толмаған сотталған жеткіншектермен тренинг өткізілді
Қызылорда қалаcының пробация есебінде тұратын кәмелетке толмаған жас жеткіншектермен психологиялық тренинг өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің инспектор-психологы Г. Жылкаманованың ұйымдастыруымен өткізілген шараға Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының мамандары қатысты.
Тренинг барысында орталықтың педагог-психологы А.Примжанова есептегі жас жеткіншектермен "Менің болашағым", "Менің отбасым" тақырыбында психологиялық жаттығулар өткізіп, әрбір адамның заман талабына сай тұлға болып қалыптасуы, арман-мақсатына жетуі өзіне байланысты екендігін айтты.