Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында гарнизондық жиын өткізілді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында гарнизондық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов облыстың жергілікті полиция қызметі бөліністерінің гарнизондық жиынын өткізді.

Жамбыл облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс–шараның мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, халық арасында учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сондай-ақ азаматтармен сенімді, тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады», – деп хабарлады Жанат Сүлейменов.

Қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн сайын Жамбыл облысы мен Тараз қаласының көшелерінде екі ауысымда жаяу және автожасақ құрамында полицейлер мен әскери қызметшілер кезекшілік атқарады.

Бұдан басқа 51 мониторингтік топ карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау шараларына қатысады.

Аталған іс-шаралар шеңберінде облыс бойынша атыс қаруы бар 7 756 тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Тексеру барысында атыс қаруын сақтау ережелерін бұзудың 196 дерегі жойылды. Сонымен қатар 77 бірлік тіркелмеген атыс қаруы тәркіленді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 24 853 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңнаманы бұзудың 615 дерегі, өз балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 51 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 1 205 дерегі анықталды.

Сондай-ақ қорғау нұсқамасын бұзудың 124 дерегі, қоғамдық орында мас күйінде болудың 2 743 дерегі, құжатсыз немесе жеке куәліксіз тұрудың 4 554 дерегі, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 1 646 дерегі анықталды.

Сапта жеке құрамға жедел жағдай, іздеудегі адамдар мен автокөліктерге бағдарлар жеткізілді.

Полиция департаментінің басшысы жасақтардың сыртқы келбеті мен жабдықтарын өзі тексерді.

Жанат Сүлейменов бағынысты бөлініс қызметкерлерін халыққа көмек көрсетуге, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасауға, олардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында қызмет атқаруға жұмылдырды.

Жиын барысында ПД бастығы қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Тараз қаласы Полиция басқармасының төрт қызметкерін марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру