Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы - Жамбыл облысы полициясының бақылауында
Жамбыл облысының полициясы жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасын бақылауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
16-22 қараша кезеңінде Жамбыл облысының ювеналдық полициясының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шараларды өткізді, оның барысында қаңғыбастығы үшін ІІО-на 75 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде екі жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әкімшілік жауапкершілікке 129 ата-ана және басқа да ересек адамдар тартылды. Оның ішінде:
- заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін - үш ата-ана;
- сегіз кәмелетке толмағанның түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін жеті кафе-бар және мейрамхана иелері жауапқа тартылды;
- ҚР-ның алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін екі дүкен иесі жауапқа тартылды;
- сегіз кәмелетке толмағанның көңіл көтеру орындарында болғаны және 67 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын-үйден тыс жерде болғаны үшін 75 заңды өкіл жауапқа тартылды.
Одан басқа ҚР ӘҚБтК-тің басқа баптары бойынша 44 хаттама толтырылды.
ІІО-ның есебіне сегіз кәмелетке толмаған, сондай-ақ алты жайсыз отбасы қойылды.
- Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы ПД ЖПҚБ басшылығының әрдайым ерекше бақылауында. Осы топтың күнделікті жұмысы қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту, - деп қорытты ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы Нүркен Абдуллин.