Алматы полициясында Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы қызмет атқарады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы полициясы ерекше статистика жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бүгінгі таңда Алматы полиция департаментінде Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы қызмет атқарып келеді. Оның 11-і Тәуелсіздік құрдастары. Аталған полиция қызметкерлері өздерінің есімдерін мақтан тұтады, әрі өз қызметтеріне адал, кәсіби маман. Олар Отан алдындағы қызметін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етуде, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.