Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желілер арқылы пиротехника сатқан азамат анықталды

Павлодар облысында әлеуметтік желілер арқылы пиротехникалық бұйымдар сатқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерлердің бірінде пиротехникалық бұйымдардың екі қаптамасын сату фактісін анықтады. Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабының 1-бөлігі (Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Павлодарлық полицейлер алдағы жаңа жылдық мерекелерді денсаулыққа зиян келтірместен және айыппұлдарды төлеу үшін жоспарланбаған қаржылық шығындарсыз өткізу үшін пиротехникалық бұйымдарды қажетті құжаттамасы бар мамандандырылған сауда нүктелерінен ғана сатып алу қажет екенін, сатып алу кезінде сертификаттау белгісінің, жарамдылық мерзімі туралы ақпараттың, қолдану, сақтау және жою бойынша ұсыныстардың болуына назар аудару керек екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру