Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының ПД бастығы азаматтарды қабылдады

Республикалық іс-шара аясында 26 қарашада «ZOOM» интернет платформасы арқылы азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсатыхалықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сенім деңгейін арттыру,  сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов азаматтарды сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін қабылдады.

Бес тұрғын өздерінің мәселелері, шағымдары және ұсыныстары бойынша қабылдауға жазылды. Департамент бастығына Өзбекстан Республикасының азаматы азаматтық мәселесі бойынша сұрақпен жүгінді. 55 жастағы қала тұрғыны жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғанын айтып, көмек сұрады. Айыппұл 9 700 теңгені құрайды, алайда оның төлейтін қаражаты жоқ.

Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде де жүргізілді.

Іс-шараға қатысқан облыс тұрғындары өз сұрақтарына алған жауаптарға қанағаттанды.

Департамент бастығы іс-шара барысында айтылған барлық мәселелерге мұқият тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылдана отырып бақылауға алынатындығын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру