Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығы жоқ мас жүргізушілер ұсталды

Ақтөбе облысында өткізілген алдын алу іс-шаралар кезінде полицейлер күн сайын мас жүргізушілерді анықтайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша күні сағат 04.30-да Зинченко көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «BMW» автокөлігін тоқтатты.

Сол күні сағат 06.30-да Бөгенбай батыр көшесінде 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21099» автокөлігі тоқтатылды. Анықталғандай, жүргізуші көлік құралын «орташа» дәрежеде мас күйінде басқарған. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушілер Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырыла отыра мас күйінде көлік жүргізген 150-ден астам жүргізушіні анықтады.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорт құралдарын басқармауды сұрайды. Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру